ТУРНИРЫ

Астана қаласында «KAZAKHSTAN CHAMPIONS CUP AFL» чемпионаты өтеді

Шілденің 4-і мен 7-сі аралығында әуесқойлар үшін Астана қаласында «KAZAKHSTAN CHAMPIONS CUP AFL» чемпионаты өтеді. Жалпы саны 32 үздік команда қатысып, елдің түкпір-түкпірінен мыңға жуық ойыншы келеді,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Турнир 2019 жылдан бері 6 жыл қатарынан үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімінде Қазақстан Футбол Федерациясының басшылығы қатысады. «Сайран» спорт кешенінде өтетін бұл турнирдің жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.

Бас жүлдені ұтып алған команда Кубок иегері атанып, AFL атынан «SOCCАWORLD CUP 2025» чемпионатына Қазақстан құрамасы ретінде жолдама алады.

 

Сейчас на сайте 264 гостей и ни одного зарегистрированного

Copyright© 2019 SITE-PRO All Right Reserved